Жол қозғалысының шектелуіне байланысты Белқопа ауылы бағытына жаяу аттанған 15 адам және «Шымкент–Мәскеу» бағытында жүріп келе жатқан автобустың 38 жолаушысы эвакуацияланып, жақын елді мекендегі жылыту пунктеріне жеткізілді. Оның 11-і Өзбекстан азаматы. Эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
— ТЖМ алыс жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, төтенше қызметтердің ұсынымдарын сақтау қажеттігін еске салады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 желтоқсанда республикадағы қай жолдарда шектеу бар екенін жазғанбыз.