Ақтөбеде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтті
16:45, 04 Маусым 2009
АҚТӨБЕ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ – Шартты қарулы топтарды жою және кепілге алынғандарды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы республикалық Лаңкестікке қарсы күрес орталығының жоспары бойынша Ақтөбеде өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық шұғыл штабтың оқу-жаттығулары оның басшысы, Ақтөбе облысы бойынша ҚР ҰҚК департаментінің бастығы полковник Т.Әлиасқаровтың жетекшілігімен жүргізілді.Оқу-жаттығудың мақсаты ? лаңкестікке қарсы күрес операцияларына қатысатын түрлі құрылымдардың ұйымдастырылуы мен басқарылуын, жауынгерлік дағдыларын және жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру.