Ақтөбеде лифт əйелді аяғынан айырды: Дəрігерлер көмекке үлгермеді

Фото: None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 28 жастағы келіншек лифт ішінде қаза болды. Оның аяғын лифтінің есігі қысып қалып, жұлып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше 12 ықшам ауданында болған. Өзінің 3 жастағы қызымен лифтке мінген 28 жастағы келіншектің аяғы есікке қыстырылып қалған.

«Кеше жедел жәрдемге шақыру түсті. Лифтіде бала мен келіншек болған. Қалай екені белгісіз, есік жабылып, келіншектің аяғы есікке қыстырылып қалған. Біз барғанда аяғы кесіліп, қаза болған. Баласы ауруханаға жеткізілді. Ол дін аман»,- деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

 

 

Соңғы жаңалықтар