Иранның ядролық бағдарламасы шамамен екі жылға кейінге қалдырылды — Пентагон
АСТАНА.KAZINFORM — Пентагон АҚШ-тың зымыран соққысынан кейін Иранның ядролық бағдарламасы «шамамен екі жылдан кейін» ядролық қару жасай алатынын айтты, деп хабарлайды ABC News.
Әскери шенеуніктер мен сарапшылар Иранның үш негізгі ядролық объектісі — Фордо, Натанза және Исфаханға АҚШ тарапынан жасалған соққыдан кейін айтарлықтай шығын келтірілгеніне күмән жоқ деді.
Ядролық сарапшылар байытылған уранның бір бөлігін мерзімінен бұрын көшіруге немесе басқа жерде сақтауға болатындығына күмән келтіреді — Трамп әкімшілігі бұл мүмкіндікті жоққа шығарды.
Пентагон Иранның ядролық нысандары «толығымен жойылды» деп есептейді.
— Бір-екі жыл қалды. Менің ойымша, бұл екі жылға жуық уақыттф алады, — деді Пентагон өкілі Шон Парнелл.
Ол шабуылдарда 37 сағатқа жуық тоқтаусыз ұша алатын бомбалаушы ұшақтар қолданылғанын айтты.
Иран бұған дейін АҚШ соққылары оның ядролық нысандарына қатты зақым келтіргенін хабарлаған.