Ақтөбеде Мағаджан бөгетінің бір бүйірі бұзылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Хромтау ауданында орналасқан Мағаджан бөгетінің бір бүйірі бұзылып, су Ақтөбе қаласы мен Алға ауданына қарай келді. Ауылдарда адамдар эвакуацияланды.
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінде орналасқан Мағаджан бөгетінің бір шеті бұзылды.
— Алға ауданындағы Бесқоспа, Қызылту ауылдары және Табантал қыстағы су басу аймағында тұр. Сондықтан мұндағы 215 адам, оның ішінде 96 бала Бесқоспа ауылының орта мектебіне және туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, мал қауіпсіз жерге айдалды. Табантал өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Мағаджан су бөгеті 1985 жылы салынған. Жекенің қолындағы бөгеттің сыйымдылығы — 15,8 млн текте метр. Бұл Хромтау ауданы Табантал ауылынан 22 шақырым қашықтықта орналасқан.
Еске салсақ, бұған дейін Әйтеке би ауданында Щербаков бөгеті бұзылды. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» бабы бойынша іс қозғалды.