Ақтөбеде «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» акциясы өтті
13:40, 09 Сәуір 2012
АҚТӨБЕ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» атты акция аясында Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс әскери институтында «Мамандық таңдау - болашақты таңдау» шарасы ұйымдастырылды.
Республикалық «Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестігі даму орталығымен ұйымдастырылған шараның мақсаты - еңбек пен мамандық туралы, кәсіби таңдауда көмек көрсету жеке мамандықтарды дәріптеу жайлы жастарды ақпараттандыру. Шараға шақырылған жас ақтөліктер үшін институт бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Соңынан жастар облыстық ішкі істер департаментіне барып, тәртіп сақшылардың жұмысымен, қазіргі заманғы технологиямен танысты. Бүгін олар өрт сөндіру қызметіне, облыстық емханаға және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барады деп күтілуде.