Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Фото: Фото: ҚазАқпарат

Ақтөбе қаласында мектеп оқушысы жоғалып кетті. Қазір полиция мен еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2010 жылы туған Айзере Тілепбергенова Ақтөбе қаласының Бөкенбай батыр көшесіндегі үйден кеше сағат 20:00-де шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір еріктілер мен полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл отбасы таяуда Ақтаудан көшіп келген. Ол 7 сынып оқушысы. Қазір патрульдік полиция, еріктілер тобы іздеу жұмысын жүргізіп жатыр",- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

"Полиция, мұғалім, еріктілер саны шамамен 40-қа жуықтайды. Оқушы тұратын аумаққа жақын шағын аудандардан іздеп жатырмыз. Үй арасын, көшелерді қарап жүрміз. Оның қолында ұялы телефоны бар. Алғашында оны сөндіріп тастаған. Біреулер арқылы тауып тұрмыз. Сол кезде қосып, байланысқа шықты. "Үйге келе жатырмын" деп дәл қай жерде екенін айтпай тұр",- деді еріктілер тобының үйлестірушісі.