Ақтөбеде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық сынында топ жарған жанұялар марапатталды

None
АКТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-кезеңінде топ жарған жанұялар марапатталды.

Қалалық додаға қазақ жанұясының құндылықтарын кеңінен көрсетіп, отбасылық татулықты паш ете алатын қоғамда орыны ерекше семьялар қатысты.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық комиссиясы 6 отбасы арасынан жеңімпаздарды анықтады. Сайыс нәтижесінде Сейтеновтер мен Жұмалиндер жанұясы озық шықты. Жеңімпаздарға және басқа да қатысушыларға қала әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттар табыс етті.

Келесі кезекте жеңімпаздар облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсында бақ сынайтын болады.