Ақтөбеде облыстық Индустриалды-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Асқар Әбішев тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Әбішев 1983 жылы туған. Жоғары білімді маман. Ол 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы АМУ, 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облыстық ІІД аға жедел уәкілі болып бастады. 2008 - 2010 жылдары Қазақстан Парламенті Мәжілісі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2010 - 2018 жылдары Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарған.
2018 - 2019 жылдары Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
2019 - 2021 жылдары Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы болып қызмет еткен.