Ақтөбеде ондаған мопед айып тұрағында тұр

Фото: Ақтөбе облыстық ПД

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Мопед жүргізушілері мемлекеттік тіркеуден өтпей, көлік бастарған. Мұндай 100-ден астам дерек анықталды.

Ақтөбеде жедел — алдын алу іс-шарасы кезінде 700-ден астам мотокөлік пен мопед жүргізушісі тексерілді. Барлығы 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

— 132 адамда жүргізуші куәлігі болмады. Ал 16-ы қорғаныс шлемін кимеген. Сонымен бірге 102 мотокөлікті мемлекеттік тіркеусіз басқарғаны белгілі болды. Бұл рейдтер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мотокөлік пен мопед иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертілді, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіріп, бөлімге кіргендер жазаланды. Алға ауданында 7 ер адам полиция ескертуіне құлақ аспай, тіпті бөлімге рұқсатсыз кірген.