Ақтөбеде өңірдегі ең үлкен спорт кешені ашылды
Ақтөбе қаласында жалпы ауданы 5 600 шаршы метр құрайтын «ALPHA GYM» спорт кешені ашылды.
Бұл - өңірдегі ең ірі спорт ғимараты.
Жаңа спорт кешенінде жаттығу залы, кросс-фит аймағы, ұзындығы 250 метр ені 3 метр болатын жарыс жолы, екі күрес залы, октагон қондырылған жекпе-жек аймағы, балаларға арналған көркем гимнастика залы бар.
Сонымен бірге хореография мен йогаға арналған залдар, стретчинг аймағы, скейт паркі, үстел теннисі мен бадминтон аймағы жабдықталған.
«Қазіргі таңда спорт кешенінде кикбоксинг, дзюдо, аралас жекпе-жек, грепплинг, капоэйра секциялары мен көркем гимнастика кәсіби мектебі жұмыс істейді. Спорт кешенінің салтанатты ашылуына Ақтөбе қаласының тұрғындарымен қоса жергілікті атқарушы органдардың, екінші деңгейлі банктердің және бизнес өкілдері қатысты. Спорт кешені жұмысын қызу бастап кетті. Қазіргі кезде 150 спортшы көркем гимнастика секциясына қатысып жүр. Әрі қарай да мемлекеттік тапсырыспен балаларды ақысыз қабылдаймыз», - деді жаттықтырушылардың бәрі Қанат Жадырасынов.