Ақтөбеде педофил деген күдікпен ер адам ұсталды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде педофил деген күдікпен ер адам ұсталды.

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде полицияның кезекшілік бөліміне 5 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерінің жасалуы фактісімен облыс орталығының тұрғыны шағымданды.

Сол күні полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасау күдігімен бұрын сотталған 35 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.