Ақтөбеде полиэтилен өнімдерін шығаратын цех өртенді
15:16, 21 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушылардың үйлесімді іс әрекеттерінің арқасындағы өрт тез арада сөндірілді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
— 112 құтқару пультіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жету барысында полиэтилен өнімдерін шығаратын жеке цехтың жанғаны анықталды. Өрт алаңы 40 ш. м. құрады. Құтқарушылардың үйлесімді іс әрекеттерінің арқасындағы өрт тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген таратылған ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда тағы да қойма өртенгенін жазған едік.