Ақтөбеде полиция қызметкері жол апатына түсті

Фото: Фото: zello_aktobe_official

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Тұманды күні патрульдік қызметке шыққан полицей жол апатына түсті. Ол аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оқиға 14 наурыз күні облыстық маңызы бар Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Патрульдік полиция қызметінің «Хюндай-Элантра» көлігі УАЗ автокөлігімен соқтығысты.

- Тұманды күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульге шыққан. Сол кезде жол апатына ұшырап, жарақат алды, ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас Қарғалы аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағандыда оқу-жаттығу барысында полиция майоры қаза болды. Тәртіп сақшысы жазатайым оқ тиіп, көз жұмған.