АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласында полиция қызметкерінің денесі тұрғылықты мекенжайынан табылды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкері отадан кейін ем алып жүрген.
— Полиция қызметкерінің денесінде ешқандай зорлық белгілері байқалмаған. Ол отадан кейін ем алып жүрді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алайда полиция қызметкерінің жасы мен оның қызмет жолы туралы қосымша ақпарат берілмеді.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде полиция қызметкері табельдік қарудан оқ атып, танысын жаралады. Жараланған танысы дін аман, ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.