Ақтөбеде пойыз қағып, мерт болған жігіттің аты-жөні анықталмай жатыр
19:07, 31 Шілде 2017
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ер адамды пойыз қағып кетті. Жедел жәрдем теміржол бойында жатқан адамның тек өлімін тіркеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін таңғы сағат 4:00-де шамамен 30 жастағы ер адамды пойыз басып кетті. Оқиға орнына барған дәрігерлер жас жігіттің өлімін ғана тіркеді. Оның жарақаты ауыр болған. Аты-жөні белгісіз. Мүрдені полицияға тапсырдық»,- деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.
Айта кетейік, оқиға Ақтөбе қаласындағы Тургенев-312 атқыштар дивизиясы бойындағы теміржол маңында болған. Мүрдені қала тұрғындары көріп, оның аты-жөнін анықтауға көмек сұраған. Ер адамның үстінде майка және шолақ шалбар болған. Ақтөбе жол дистанциясының хабарлауынша, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Темір жол бойында қаза болған славян жігіті. Аты-жөні белгісіз күйде қалып отыр.