Ақтөбеде Президенттің жаңа жылдық шыршасына әлеуметтік жағдайы төмен санаттан 200 бала шақырылды
14:23, 20 Желтоқсан 2013
АҚТӨБЕ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Облыстық Халықтар достығы үйінде жаңа жылдық Президент шыршасы өтті.
Оған әлеуметтік жағдайы төмен санаттан 200 бала шақырылды.
Олардың арасында жетім, мүгедек балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 9-13 жасқа дейінгілер қатысты. Олардың бәрі оқу озаттары, түрлі байқаулар мен жарыстардың қатысушылары.
Телеэкраннан ҚР Президентінің балаларға арналған бейнеқұттықтауы көрсетілді. Онда Мемлекет басшысы балаларға бақыт, денсаулық, амандық пен елдің лайықты азаматы болып өсулерін тіледі.
Бейнеқұттықтаудан кейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасының атынан әрбір балаға сыйлықтар - ноутбук, тәтті тағамдар, ойыншықтар мен балаларға арналған көркем әдебиет сыйлады. Бұл шараны өткізу үшін облыс бюджетінен 17 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.