Ақтөбеде Ресей Президентін сайлау бойынша сайлау учаскесі ашылады

АҚТӨБЕ. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматтары РФ Президентін сайлауға қатыса алады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Федералдық заңға және  ҚР СІМ-нің келісіміне сәйкес Оралдағы Ресейдің консулдығы  Ақтөбе қаласында 2012 жылдың 4 наурызда №5394 сайлау учаскесін ашады.

«Славяне» қоғамдастығының төрағасы Владимир Гуменныйдың сөзіне қарағанда, сайлау учаскесі Сәңкібай батыр даңғылындағы Достық үйінде орналасады. Сайлау тәртібі жайлы ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 546963, 87014836219.