Ақтөбеде салауатты өмір салты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша халықпен кездесулер басталды
19:54, 21 Қаңтар 2009
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбеде құрылыс-монтаж колледжінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің «Салауатты өмір салты» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында халықпен кездесуі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл шараға студенттер, оқытушылар егде жастағы адамдар шақырылды. Дәрігерлермен кездесуде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мәселелері қозғалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, аймақта аурудың осы түрінен адам өлімі көбейіп тұр.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім меңгерушісі Ізбасқан Аймағамбетов Финдляндияда жүрек-қан тамырлары ауруларынан әр 100 мың адамның 62-сі көз жұматын болса, бізде бұл көрсеткіш әлденеше рет жоғары ? 100 мың адамға ? 557-ден келетінін тілге тиек етті. Бұл көрсеткіш емдеу сапасынан емес, көбінесе адамдардың сана-сезімінен, яғни өз денсаулығына жүрдім-бардым қарауынан, зиянды әдеттерден арылып, салауатты өмір салтын ұстанбауынан болып отыр.