ТЖД басқармасының басшысы Евгений Овчарскийдің айтуынша, облыстағы 46 сауда нысанының 42-сінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері жойылған.
«Мега-Шығыс, Мерей, «Алмас» және Алғалы ауданындағы «Евразия» сауда үйлерінде анықталған заңбұзушылықтардың жойылуын тексеріп жатырмыз», - деді Е. Овчарский.
Белгілі болғандай, бұдан бұрын ТЖД өкілдері тексеру жүргізу кезінде көптеген өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылғанын анықтаған еді.
21:47, 21 Маусым 2018
Ақтөбеде сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу жағдайлары жойылды - ТЖД
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі сауда нысандары тексерулерден кейін өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендірілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында ТЖД өкілдері айтты, депақт хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.