Ақтөбеде сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар түсті

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Керуен» сауда ойын-сауық орталығына белгісіз біреу «жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабарлама таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін таңғы сағат 10-00-де жұмысқа кіріскен «Керуен» сауда ойын-сауық кешені көп ұзамай қайта жабылды. Белгісіз біреу жарылғыш зат қойылды деп, хабар берген.

«Полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен өрт сөндірушілер 1 сағаттан астам уақыт бойы ғимарат ішін тінтіп шықты. Ештеңе табылмады. Кімнің хабар бергенін білмейміз. Қазіргі уақытта сауда кешені қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр»,- деді орталық әкімшісі.
 

Сауда орталығының әкімшісі өзге ақпаратты тек құқық қорғаушылар беретінін айтты.

Ал Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты жан-жақты ақпарат дайындалып жатқанын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар