Ақтөбеде саяжайлық үй отқа оранды, адам шығыны бар

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Печатная көшесінде орналасқан саяжайлық үй кеше отқа оранды. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 64 жастағы ер адамның мәйіті табылды.