Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға «ҚазХром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ЖШС-тің құрылтайшысы да шақырылды.
Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді.
Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасымен «Ұлы Борсық» КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқығы қалпына келтірілді.
Бұған дейін жекеменшік және мемлекеттік колледж педагогтерінің жалақысы теңестірілетінін жазған болатынбыз.