Ақтөбеде шетелдік азамат үлкен көлемде ақша мен құжаттарын жоғалтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында шетелдік азамат үлкен көлемде ақша мен құжаттарын жоғалтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«31 наурыз күні жүргізуші Тимур Сүлейманов Астанадан келе жатып, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында орналасқан кафеге шай ішуге кіріп, үстел үстінен 1100 АҚШ доллары, 465 мың теңге ақшасы мен құжаттары бар әмиян тапқан.

Азамат сөмкені полиция қызметкерлеріне тапсырған. Ақша мен құжаттардың Қырғыз Республикасының азаматы Бекар Хиязовқа тиесілі екенін анықталды», - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Қазалы қаласына жетіп қалған Хиязовқа полицейлер жоғалған заттарын тапсырған.

Шетелдік полиция қызметкерлеріне және әмиянды тапқан жүргізушіге алғыс айтты.