Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб құрылды

Фото: pixabay

  АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб құрылып, үздіксіз жұмыс режимі енгізілді.

Ақтөбе қаласында қазіргі кезде су тасқынының алдын алу жөніндегі штаб жұмысын бастады. Қар шығару жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Жұмыс 24/7 режимінде жүргізіледі. Қаланың әр бөлігінде еріген қар суын төгуге арналған арнайы учаскелер бар.

Су тасқынына қарсы штабтың байланыс нөмірлері:

+ 7132-41-09-27

+ 7132-41-15-29

+ 7 (708-51) 1-71-95

+ 7 (700-73) 0-60-96

Сондай-ақ 109 нөміріне қоңырау шалу керек. Су айдау немесе инертті материалдарды жеткізу хабарламасын комиссиясы тексеріп, содан кейін ғана көмек беріледі. Көпқабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін мекемелер жауапты, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында қар шығару, көктемде су сору жұмыстарына деп 400 млн теңге бөлінген