Ақтөбеде суши жеген 8 адам инфекциялық ауруханаға түсті

Фото: Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазіргі кезде оларды эпидемиолог мамандар тексеріп жатыр.

Бір түнде облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға 8 адам түсті. Олардың тек алтауы ғана ауруханада жатып, ем қабылдаған.

- Ауруханаға жатқан 6 адамның екеуі бала. Ал екеуі емді стационарда қабылдайтынын айтты. Дәрігерлер барлық науқасты қарап шығып, қажетті ем тағайындады. Науқастардың жағдайы тұрақты,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астан улану себебі тексеруден соң белгілі болады.

Еске салсақ, Ақтөбеде жарты жылда мың адам ит-мысықтан зардап шекті. Бұралқы иттерді аулауға 100 млн теңге бөлінді. Қаржы төрт бағыт бойынша жұмсалып жатыр.