Ақтөбеде сұйытылған газ мәселесі қазан айында шешіледі

Фото: Жанәділ Сағиев

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Зауыттардағы жөндеу жұмысынан кейін Ақтөбеде сұйытылған газ азайды. Кей жерде ол тек талон арқылы сатылып жатыр.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, осы айда екі компанияның зауыттарында жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Фото: Жанәділ Сағиев

- Сұйытылған газ өндіретін зауыттарда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни 12-19 қыркүйек күндері аралығында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Gas Processing» ЖШС-де жөндеу жүргізілді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы 17–24 қыркүйек күндері аралығында газды теміржол арқылы, ал 25–28 қыркүйек аралығында автокөлікпен тасымалдамаған. Қазір облыс аумағында 8 газ толтыру станциясы бар. Барлығында газ көлемі азайған. Жағдай қазан айында қайта қалпына келеді,- деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Фото: Жанәділ Сағиев

Айта кетейік, ҚР Энергетика министрлігі бөлген сұйытылған газ көлемі шілде айында Ақтөбе үшін аздық етті. Сондықтан ол кезде өңіпне тағы 1 221 тоннасы бөлінді.