Ақтөбеде жолдарды су шаю дерегі әлі тіркеліп жатыр. Облыстық маңызы бар «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автожолының 16 және 120 шақырымы, «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» автожолының 115-шақырымнан 179-шақырымына дейінгі аралығы жабық. Ақтөбе облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашевтің айтуынша, Қобда ауданы аумағындағы «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автожолының 315-шақырымында да жолды қарғын су шайып кетті.
Еске салсақ, бүгін түске дейін өңірде 12 жолдан су өткені белгілі болды. Ол кезде үш жолды су шайған болатын. Барлығы 230 адам эвакуацияланды.