Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті

АҚТӨБЕ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер, ардагерлер, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ақтөбеліктерді келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Әкім өңір дамуының негізгі жетістіктері жөнінде айтты.

«2012 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 1,5 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 70 млрд. теңгеге артық», - деді әкім.

Экономиканың барлық салаларында өсім байқалуда. Атап айтқанда, өнеркәсіптің нақты көлем индексі 106,4 пайызды құрады.

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, өңірдің 74 жобасы Индустрияландыру картасына енген, олардың 62 нысаны іске қосылды.

Ақтөбеде индустриялық аймақ құрылысы басталды, онда жоғары қосымша құнмен жаңа өндірістер орналасатын болады.