Полиция қызметкерлері электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 32 жастағы тұрғынды ұстады. Ер адам шылымды Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкені арқылы саудалаған.
- Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Онда тәртіп сақшылары 400-ден астам бірреттік темекі, 300-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған картриджді тауып, тәркіледі.
«Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Петропавлда вейп сатуды кәсіпке айналдырған үш күдікті ұсталды. Олардан 200-ге жуық электронды темекі тәркіленді.