Ақтөбеде тергеу изоляторы апатты жағдайда тұр

Фото: Фото: Самат Қалекенов

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қылмыстық атқару жүйесінің № 70 мекемесі апатты жағдайда тұр. Әрі қазіргі кезде адам саны шамадан тыс көп.

Ақтөбе қаласында орналасқан № 70 мекемесі 1948 жылы салынған. Қазіргі кезде тергеу изоляторының бір бөлігі мүлде кәдеге аспай тұр. Себебі қабырғасының кірпіші сөгіліп, шатырынан су кетті. Ғимарат ресми түрде апатты деп танылған.

— «Заң және тәртіп» қағидаты аясында облыстық мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясының облыстық филиалымен бірге Қылмыстық атқару жүйесінің № 70 мекемесі келдік. Сот қаулысымен оқшауланған адамдардың қандай жағдайда тұрып жатқанын қарады. Ғимарат 1948 жылы берілген. Біршама корпусы апатты жағдайда тұр. Депутаттар бәрін көрді. Жергілікті бюджеттен жөндеуге қаржы бөлу жайы айтылды. Апатты жағдайда тұрған жерде күдіктілер жоқ. Жалпы Ақтөбе қаласында тергеу изоляторын салу сұрағы шешілген. Егер құрылыс жүрсе, бұл жер басқа мақсатқа беріледі, — деді Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.

Фото: Самат Қалекенов

Айта кетейік, тергеу изоляторы 192 адамға шақталған болса, қазір 330 адам бар. Олардың арасында ісі тергеліп жатқандар мен үкім шықса да күшіне енбеген жазасын өтеушілер мен күдіктілер бар.

Айта кетейік, Ақтөбеде тозығы жеткен 230 үй бар. Үйлердің нақты қай уақытта жөнделетіні әзірге белгісіз