Ақтөбеде тұман салдарынан әуе рейстері кешігіп жатыр

Фото: Алтынай Сағындықова

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ұшу-қону алаңы бүгін таңда жабылды. Ақтөбеге келуі тиіс жолаушылар рейсі Ақтау мен Атырауға бағытталды.

Халықаралық бағытта Ыстанбұл-Ақтөбе-Ыстанбұл рейсі кешігін жатыр. Қазіргі кезде Ақтөбе - Шарм-эль-Шейх бағыты ғана жолға шықты. 

Фото: Алтынай Сағындықова

- Астана - Ақтөбе бағытындағы IQ399 рейсі сағат 10:40-қа жоспарланған еді. Сағат 16:30-ға дейін кешігеді. КС 863/864 рейсінің Алматы-Ақтөбе-Алматы бағыты да кешікті. Алматы-Ақтөбе-Алматы бағытының DV 719/720 рейсі сағат 09:30-ға жоспарланған болса, әзірге 17:00-ге дейін кешігетіні хабарланды. Қазіргі кезде IQ 399/400 және DV719/720 рейстері Атырауға, Ыстанбұл-Ақтөбе-Ыстанбұл бағытындағы РС 240/241 рейсі Ақтауға жіберілді,- Ә.Молдағұлова халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Дастан Малиев.

Бұған дейін Алматы әуежайы рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін хабарлап, жолаушыларға ескерту жасады.