Ақтөбеде үлескерлердің қаржысын өз қажетіне жұмсаған кәсіпкер сотталды

Фото: Фото: Галина Скрипник/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде «Жилище» тұрғын үй-кооперативінің басшысы Нұрлан Каусов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 75 үлескердің азаматтық ісі бөлек қаралады.

№ 2 Ақтөбе қалалық сотында «Жилище» тұрғын үй-кооперативінің басшысы Нұрлан Каусовқа қатысты істің үкімі шықты. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. 

— Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен түпкілікті 6 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. 75 азаматтық талап қоюшының материалдық залалды өндіру туралы арызы азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусовқа 421,9 млн теңгені иемденді, қажетіне жұмсады деген айып тағылды. Кәсіпкер 5 қабатты екі үйдің тек жертөлесін қазып, іргетасын қалаған