Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 3 жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 21:50-де болған. 3 жас 5 айлық бала Ақтөбемедициналық орталығының балалар ауруханасына ес-түзсіз жеткізілген.

«Дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне апарып, құтқаружұмыстарын жүргізді, өкінішке орайбалана аман алып қала алмады. Диагнозы – ашық бас-ми жарақаты. Баланыңбасына қатты зақым келген. Бас сүйегінің негізгі бөлігі сынған. Кеуде тұсындағы сүйек сынып, өкпесіне қан құйылған», - депхабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлергеанасы баланың үстіне теледидар құлап кеткенін айтып берген. Баланың өлімітіркелген соң сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар