Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кеше болды. Қобда ауылындағы Щербаков көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенді. Өрттің ауданы — 96 шаршы метр. Өрт кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.
— Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнына Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өткен аптада Астанада салынып жатқан 12 қабатты үйден өрт шықты. Бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жанып жатқаны байқалды.