Ақтөбеде вахталық пойыз қар құрсауында қалды
11:27, 13 Наурыз 2024
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе-Жаңажол бағытындағы вахталық пойыз қар құрсауында қалды.
Ақтөбе-Жаңажол-Ақтөбе бағытына қатынайтын пойыз «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның меншігінде. Пойыз мұнайшыларды ғана тасымалдайды.
- Вахталық пойыз «СНПС-Ақтөбемұнайгаздікі». Пойыз жолын да солар тазартуы тиіс. Оған «ҚТЖ»ҰК» АҚ, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің қатысы жоқ. Дегенмен көмектесті. Пойыз кеше Жем стансасына аман-есен жеткен, - деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубай.
СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметі жауап үшін ресми хат жазуды сұрады.