Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, 2026–2027 жылдары республикалық бюджеттен 4,6 млрд теңге трансферт бөлінеді. Бұл қаржыға 3 ветеринариялық станса, 107 ветеринариялық пункт, 57 мал көміндісі салынады.
— Биыл 3 модулді ветеринариялық станса, 77 ветеринариялық пункт және 28 типтік үлгідегі мал қорымын салу жоспарланған. 2027 жылға 30 ветеринариялық пункт және 29 типтік мал қорымы салынады. Бүгінде ветеринариялық объектілерге жер телімін бөлу жұмыстары аяқталып, мердігерлер анықталды, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Айбек Сембай.
Бүгінде 37 ветеринариялық пункт, 2 типтік мал қорымы құрылысы толық аяқталды.
Еске салсайық, 2026–2027 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен ветеринариялық инфрақұрылымның тағы 2 399 нысанын құру жоспарланып отыр. 2026 жылы осы мақсаттарға 36,3 млрд теңге қарастырылған.