Ақтөбеде Жаңа жыл түні 800 ақ халатты қызмет етеді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 792 ақ халатты кезекшілікке шығады. Оның 200-і аудандарда.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мереке мен демалыс күндеріне қарамастан жұмысын үздіксіз жүргізетін сала мамандары туралы ақпарат берді. Биыл әр аурухана, емдеу орындарындағы кезекшілікте 792 медицина саласының қызметкері жұмыс істейді.
— Жедел жәрдем қызметінде 52 бригада болады. Онда 156 адам жұмыс істейді. Ал бекетегі Call-орталықта тұрғындардың қоңырауын 17 диспетчер қабылдайды. Қазіргі кезде тұрғындарға 103 байланысынан өзге 41-10-07 және 41-03-19 нөмірлері таратылып жатыр. Бұл алғашқысы бос болмаған кезде хабарласуға болатын қосымша нөмір. Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы мен Қарғалы қалалық ауруханасындағы жарақат бөлімі адамдарға үздіксіз қызмет көрсетеді. Ал балаларды облыстық көпсалалы балалар ауруханасы қабылдап тұр. Сонымен бірге мұнда сағат 20:00–ден таңғы 8:00–ге дейін тісті тегін жұлуға болады. Тек тісі қатты ауырып, шыдай алмағандар қабылданады, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мереке күндері емханаларда кезекші дәрігерлер қызмет етеді. Олар 1-4 қаңтар күндері аралығында түске дейін жұмыс істейді. Ал балалар тіс емханасы сағат 9:00–15:00 аралығында ашық болады.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан 9 ай ішінде Қазақстанда 76 мыңнан астам жағдай тіркелген.