Ақтөбеде жарты тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде былтыр ескірткі сақтау, сату бойынша 279 іс тіркелді. Барлығы жарты тоннаға жуық зат тәркіленді.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі былтыр 279 іс тіркелгенін хабарлады. Оның 136-ы сату, сақтау болса, өзгесі заңсыз айналым.
- Тәркіленген есірткінің ең көбі – марихуана. Оның жалпы салмағы 320 келіден асты. Сонымен бірге 8 келіге жуық гашиш, 9 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. 2024 жылдың басында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде көрші облыстың тұрғынынан 10 келіден астам марихуана тәркіледі. Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал күзде гараж кооперативінен синтетикалық есірткі өндірісінің жасырын зертханасы анықталды. Зертханадан 3 келіден астам мефедрон алынды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Былтыр қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен шамамен 2,5 кг есірткі тәркіленді.
Еске салсақ, былтыр желтоқсанда мектеп мұғалімі мен тіс технигі есірткі заттарын дайындап, адам өлтіргені үшін 19 жылға сотталды.