Облыстық филармония директоры Есенгелді Дүйсенбаевтың айтуынша, жас дарындардың дәстүрлі, жыл сайынғы фестивалі жұртшылыққа жақсы танымал. Ағымдағы жылы қатысушыларды тіпті іріктеуге тура келді, дейді ол.
Екікүндік конкурсқа 10-15 жастағы 60-тан астам бала қатысуда. Олар - Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген балалар, музыкалық мектептердің, мектептен тыс бірлестіктердің оқушылары. Фестиваль фортепиано, скрипка, виолончель, классикалық гитара, вокал және хореография аталымдары бойынша өтеді.
Қазылар алқасының құрамы да интернационалды - олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің еңбек сіңірген әртістері. Ал қазылар алқасына КСРО халық әртісі Роза Жаманова жетекшілік етеді.
Ертең фестивальдің екінші күнінің соңында көрермендер алдында ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жәния Әубәкірова өнер көрсетеді.