Ақтөбеде жасөспірім бала жоғалып кетті

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Никельтау ауылында жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Никельтау ауылының тұрғыны Кенжеғали Әлібайұлы із-түзсіз жоғалып кетті. Үйінен тамыз күні кешкі сағат 22:00-де шығып кеткеннен оралмаған. Баланы іздеуге көмектесулеріңізі сұраймыз», - деп хабарлама таратты әкімдік.

Қазіргі уақытта 7-сынып оқушысын ауыл тұрғындары жабыла іздеп жатыр.