Ақтөбеде жасөспірім суға батып кетті

Фото: freepik.com

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Жасөспірімнің денесі Елек өзенінен шығарылды.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне биыл 8-сыныпқа көшкен оқушы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД қызметкерлері, оның ішінде дрон және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды.

– Арада үш сағаттан астам уақыт өткенде баланың денесі судан шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала шомылуға арналмаған орында, белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау және шомылуға арналмаған орындарда суға түспеу туралы ескертеміз, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, маусымда Ақтөбенің Ырғыз ауданында оқушы суға батып кетті. 16 жастағы бозбаланың денесі төрт күннен соң ауылдан шамамен бір шақырым қашықтықтан табылды.