Ақтөбеде жастар арасында екі күндік туристік слет өтті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастары арасында екі күндік туристік слет өтті.

Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ

Шара барысында жастар табиғат аясында түрлі командалық сайыстар мен сынақтарға қатысты.

Қатысушылар ұйымшылдық, белсенділік және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ

Туристік слет жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың арасында достық қарым-қатынас пен өзара тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталды.

Екі күнге созылған шара барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, түрлі тапсырмаларды бірлесіп орындады.

Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың белсенділігін арттырып, жаңа тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.