Ақтөбеде жастар ұйымдары тәртіпті бақыламақ
14:32, 29 Наурыз 2015
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жастар ұйымдары тәртіпті бақылайды. Бұл туралы полицейлер мен жастар ұйымдары арасындағы меморандумға қол қойылған соң мәлім болды.
Құжатта жастар ұйымдары мүшелерінің жастар арасындағы құқықбұзушылықты анықтайтын рейдтік шараларға, соның ішінде жедел алдын алу шараларына қатысуы қарастырылған.
Меморандумға Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері, облыстық жастармен жұмыс бойынша ресурс орталығының басшылығы, жастар ұйымдарының лидерлері қол қойды.