Ақтөбеде жасырын казино әшкереленді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақтөбеде жасырын казино әшкереленді.

Бұл туралы бүгін апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінен табылған 35 ойын автоматының кілттері және екі электрондық рулетка тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Болжам бойынша, жасырын казиноның бір күндік табысы шамамен 100 мың теңгені құраған», дейді Қ. Жұманов.