Ақтөбеде «жиһад» жариялауды үгіттеген «имам» сириялық агент болуы ықтимал - Қ.Қасымов
«Лаңкестер пәтерлерінде жиналған кезде, әлдебір «имамнан» қасиетті «жиһадқа» шығу жөнінде үндеу тастайды. Бұл имам Сирия бағытынан болу мүмкін деген күдік бар. Тергеу барысында оны әлі дәлелдеу қажет. Лаңкестікке дайындалған 45 адамның ішінен «жиһадқа» барудан бас тартқандар осыны айтуда», - деді министр.
Еске сала кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт орын алды. 25 адам алдымен қару дүкеніне, кейін әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Салдарынан Ұлттық ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу жүргізілуде.
Елде 40 күнге лаңкестік қауіпінің «сары» деңгейі белгіленді.
Бүгін министр хабарлағанындай, лаңкестікке бастапқыда 45 адамнан тұратын топ дайындалған. Алайда оның 20-сы кейін жиһадқа барудан бас тартқан.