Ақтөбеде жоғалған оқушы қыз табылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сенбі, 16 мамыр күні Ақтөбе қаласында №7 арнайы коррекциялық мектебінің 8-сынып оқушысы жоғалып кетті. Полицияға қыз баланың жоғалғаны туралы өтінішті оның 66 жастағы атасы әкелген.

Ақтөбе қалалық ІІБ-ның бүкіл жеке құрамы қыз баланы іздеуге кірісті, 14 іздеу тобы құрылған. Іздеу жұмыстарын сондай-ақ № 6655 әскери бөлімінің 150 сарбазы, ұшқыштар училищесінің 65 тыңдаушысы, сондай-ақ Ақтөбе заң институтының 105 курсанты жүргізді, қызметтік-іздеу иттері жұмылдырылды.

Жоғалған қыз бала келесі күні табылды. Оның айтуынша, үйден кетуіне асырап алушылармен жиі ұрыстары себеп болған.

Қазіргі уақытта қыз бала кәмелеттік жасқа жетпегендерді оңалту орталығына орналастырылды.