Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы кезінде жүк көлігінің кабинасы жұлынып түсті

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы кезінде жүк көлігінің кабинасы жұлынып кетті. Ереже бұзған түрік жүргізушісі бас-ми жарақатымен ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самара-Шымкент» тас жолы бойында екі жүк көлігі соқтығысып қалды. Бірі Хромтау қаласынан, екіншісі Ақтөбе-Орск бағытындағы тасжолмен келе жатып, бір-біріне жол бермеген. Соның салдарынан қиыршық тас тиеп алған жүк көлігі аударылды. Ал Түркиядан Бішкекке аяқ-киім алып бара жатқан жүк көлігінің алдыңғы бөлігі жұлынып түскен. Қазір 35 жас шамасындағы жүргізуші ауруханада жатыр. Ол бас ми жарақатын алған.
 

«Біз Бішкекке бара жатырмыз. Үш жүк көлігі бір-бірімізден қалмай, аяқ-киімді Бішкекке жеткізуіміз керек еді. Қазір Ақтөбе қаласындағы кемпингке аялдадық. Көлік ішіне қонып, әрі қарай қалай болатынын шешеміз. Жүргізушіні жедел жәрдем алып кетті. Бас-ми жарақаты бар. Ал екінші жүк көлігіне ештеңе болған жоқ»,- дейді жүргізуші Әзиз Билбан.
 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр. Тергеу жұмыстары басталды. Алдын ала белгілі болғаны - түрік жүргізушісі жол ережесін бұзған.

Соңғы жаңалықтар