Ақтөбеде жол-көлік апатынан бірден 8 адам мерт болды

Фото: Әлеуметтік желіде тараған фото

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында жол-көлік апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.

Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. 

— Жол-көлік апаты кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев. 

Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.

Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.