Ақтөбеде жұмысына салғырт қарады деп айыпталған басшылар сот залында ақталып шықты

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары Нұрлан Болатбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстықтабиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарынқорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары НұрланБолатбаевқа алғашында Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріспайдалану» бабы бойынша айып тағылып, тергеу жүрді. Кейін прокурор «Салғырттық»бабымен қайта қарап, айыптау қорытындысын дайындады.

Іс материалына сүйенсек, «Ақтөбе жылуэлектр орталығы» АҚ тарифті бекіту үшін 2017-2022 жылдарға арналғанинвестициялық бағдарлама әзірлеген. Құжат тапсыру кезінде инвестициялықбағдарламаны іске асыру үшін банктен несие алынатыны көрсетілген. Сол кездеоблыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау департаменті тарифті бекітуге келісім береді. Бірақпрокурорлар тексеруінен кейін «Ақтөбе жылу электр орталығы» АҚ банктен несие алмағаны,тарифті бекіту кезінде жүктелген міндеттер орындалмағаны анықталды. «Ақтөбежылу электр орталығы» АҚ тариф көтерген кезде жылу таратушы «Трансэнерго»АҚ-ның да қызметі қымбаттады.

Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында үкімоқылды. «Гүлнұр Масина, Нұрлан Болатбаев Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» бабы бойыншаақталсын», - деді судья Сейфолла Тасымбетов.

Судьяның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер өзіне жүктелген міндетті толықорындаған, тарифті бекіту кезінде банкпен жылу беруші мекемесі арасындағыкелісімшартты көрсету, тіркеу міндетті құжатқа жатпайды.

«Моральдық шығын өндіру туралы ойланған жоқпын. Жұмысты әрі қарай жалғастыраберемін. Негізі қарапайым тұрғындар үшін тариф қымбаттаған жоқ. Қыркүйектекезекті еңбек демалысы да келіп тұр. Үш дипломым бар, менің қателік жіберуіммүмкін емес еді. Өзім Болашақ бағдарламасының түлегімін», - деді Гүлнұр Масина.

Соңғы жаңалықтар